27 тамыз 2024 | 14:12

Тоқаев Қазақстанның олимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілеп, Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградамен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілеп, Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградамен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың жеңісі ерекше атап өтілді.

"Жарыстың алғашқы күндерінде ол отандық дзюдо тарихындағы алғашқы алтын олимпиада медалін жеңіп алып, біздің атақты балуанымыз Жақсылық Үшкемпіровтің лайықты мұрагері болды. Елдос, Олимпиадаға барар алдында сіз маған және барлық спорт сүйер қауымға жеңіс жолында бар күш-жігеріңізді салатыныңызға уәде бердіңіз", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Франциядан Олимпиада ойындарының медальдарымен оралған спортшылардың жетістіктерін атап өтті. Ал Қазақстан үшін тарихи күмісті жеңіп алған гимнаст Нариман Құрбановқа ерекше назар аударды.

"Нариман Құрбановтың күміс медалін тарихи жетістік деп те атауға болады. Алғаш рет отандық гимнастика өкілі олимпиадалық тұғырға көтерілді. Парижде Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай тамаша өнер көрсетті.

Біздің атқыштарымыз Александра Ле мен Ислам Сәтбаев пневматикалық мылтықтан оқ атуда қола жүлдеге ие болды. Бұл біздің еліміздің осы спорт түріндегі 28 жылдағы алғашқы марапаты. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен бокстан құрама өкілі Назым Қызайбай жүлдегерлер қатарына енді", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная