02 маусым 2023 17:34

Тоқаев Қазақстанның ірі сауда серіктесі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі сауда серіктесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі сауда серіктесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың келешегі шынымен де ауқымды. Былтыр еуропалық инвестиция ағыны 23 пайызға өсіп, 12,5 миллиард доллар болды.

30 жыл ішінде Қазақстанға тартылған 350 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестицияның жартысына жуығы Еуропадан. Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады, оның үлесіне біздің сыртқы саудамыздың 40 пайыздан астамы тиесілі", - деді Тоқаев Орталық Азия-Еуропа Одағы көшбасшыларының екінші кездесуінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы өзара сауда көлемі 40 миллиард доллар болған. Тоқаев бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 50 миллиард долларға жеткізуге толық мүмкіндік бар деп сендірді.

Реклама
Реклама

"Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісіммен бекітілген 29 негізгі бағыт бойынша белсенді дамып келеді.

Өткен қарашада Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңартылатын сутегі құн тізбегі бойынша стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойдық", - деді Тоқаев.

Ол Қазақстан мен ЕО арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың одан әрі дамуға зор әлеуеті бар екенін түсіндірді.

"Қазақстан өзінің географиялық орналасуын ескере отырып, Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін өзінің сауда-экономикалық, көлік-логистикалық мүмкіндіктерін толық пайдалана алады", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram