Тоқаев Қазақстанның Словения мен Румыниядағы елшісін тағайындады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Тоқаев Қазақстанның Словения мен Румыниядағы елшісін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Қазақстанның Словения мен Румыниядағы елшісін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы, ал Ерлік Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Реклама
Реклама

"Ал Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама