19 қазан 2022 | 12:26

Тоқаев: Қазақстанның ұстанымын әлем білуі керек

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Астанада өткен ірі халықаралық іс-шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Астанада өткен ірі халықаралық іс-шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан қайтадан жаһандық диалог орталығына айналды. Бұл біздің дәйекті және теңгерімді сыртқы саясатымыздың тікелей нәтижесі.

Біздің еліміз бейбітшілік, ынтымақтастық және өзара сенім құндылықтарын дәйекті және тиімді ілгерілетіп жатыр. Сондықтан Қазақстан өзін озық әрі жауапты мемлекет ретінде көрсете отырып, жоғары халықаралық беделге ие болды", - деді Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде.

Стратегиялық бағытты ұстана отырып, біз алдағы уақытта да еліміз бен халқымыздың ұзақ мерзімді мүдделерін прагматикалық тұрғыдан басшылыққа алуымыз керек, деп атап көрсетті Президент.

Реклама
Реклама

"Қазіргі жаһандық әлемде белсенді сыртқы саясатсыз табысты даму мүмкін емес. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның ұстанымын әлем білуі керек, біздің дауысымыз бүкіл халықаралық қауымдастыққа танылуы тиіс", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная