Тоқаев "Қазақтелекомның" жұмысына оң баға берді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне ауылдық елді мекендердегі талшықты-оптикалық желі байланысының құрылысына қатысты ірі жобаның жүзеге асырылуы жайында баяндалды. Бұл жоба жыл соңына дейін толық аяқталуға тиіс. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі айналымды азайту мақсатында тауарларды таңбалауды енгізу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл жобаға "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы операторлық етеді.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы компания жұмысының нәтижелеріне оң баға берді. Сонымен қатар халыққа және бизнеске жаңа цифрлық қызметтерді ұсыну, интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігін кеңейту және сапасын арттыру, сондай-ақ, өзге байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама