Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысын қабылдады

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Президентке ұлттық атом компаниясының 2020 жылғы қызмет нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндалды.

"Ғалымжан Пірматов коронавирус пандемиясына қарамастан компания алдына қойылған барлық міндеттер орындалғанын айтты. Үшінші жыл қатарынан "Қазатомөнеркәсіп" өнімді өткізу бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп және уран өндіру мен сату көлемі бойынша әлемдік нарықта көшбасшы мәртебесін сенімді түрде сақтап келеді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сандық трансформация бағдарламасының іске асу барысы, бизнес-процестерді жетілдіру және жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) шығаратын зауыт құрылысының аяқталуы жөнінде мәлімет берді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Президент "Қазатомөнеркәсіп" басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная