01 ақпан 2022 | 16:05

Тоқаев кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес барысында салық және кеден салаларындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне арнайы тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес барысында салық және кеден салаларындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне арнайы тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы Қытай мен Қазақстанның өзара сауда-саттық мәселесіндегі статистикалық мәліметтері әртүрлі екенін айтты. Оның айтуынша, бұл айырмашылық миллиардтаған долларға жетеді.

"Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл - контрабанда", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Президент мәселені кәсіпкерлер де растап отырғанын айтты.

"Сауалнамаға қарасақ, шетелмен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45 пайызы кеден қызметкерлеріне пара беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы үш көліктік бақылау бекетін  жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная