Тоқаев кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорданың баспаөз қызметі

Мемлекет басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі кинематография саласын дамыту перспективалары, креативті индустрия мамандарын оқыту, отандық киноконтенттің көлемін ұлғайтуға жағдай жасау және кинематографистерді қолдау мәселелері талқыланды.

Тимур Бекмамбетов дәстүрлі мамандық иелерін (ұстаздар, әртістер, суретшілер және тағы басқалары) цифрлық креативті индустрияға қажетті мамандықтарға қайта даярлау жөніндегі жобаны өзге елдерде жүзеге асыру тәжірибесін бөлісті.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың дамуына жағдай жасап, шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік беретін "Кинематография туралы" заңның маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет екеніне баса назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама