15 шілде 2019 13:34

Тоқаев: Кім жұмыс істесе жер соның иелігінде болуы керек

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі ауылшаруашылық жерлерге аудит жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі ауылшаруашылық жерлерге аудит жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу кезінде 16,5 миллион гектар жердің игерілмегені анықтады. Бұл мәселенің бір бөлігі ғана. Үкіметке барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлауды тапсырамын. Жер - өндірістің басты факторы. Осы мәселеде тиімділік көрмей ауыл дамыта алмаймыз. Біз бұл күрделі жұмыс екенін түсінеміз, мұнда ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің үйлесімді өзара іс-қимылы қажет. Бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау маңызды. Яғни, келесі жылдың соңына дейін тиісті жағдайға келтірілсін. Барлығын цифрлау. Кім жұмыс істесе жер соның иелігінде болуы керек, - деді Президент.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі жер пайдалану мониторингіне кірісті.

"Бұл жұмысты соңына дейін жеткізу керек. Жер кодексі нормаларының мораторийі 2021-де аяқталуына байланысты біз осы мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз. Парламент депутаттары, жұртшылық бұл мәселе бойынша пікір білдіреді деп үміттенемін. Шетелдіктерге келетін болсақ, жер оларға сатылмайды. Бұл жерде толық айқындық болуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram