01 қыркүйек 2023 12:01

Тоқаев Көлік министрлігін қайта құрған жөн екенін айтты

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрлігін қайтаруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрлігін қайтаруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек екенін айтты.

"Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс.

Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram