Тоқаев Конго президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Реклама
Реклама

Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама