25 сәуір 2022 | 16:04

Тоқаев Конституциялық Кеңеске неге жүгінді?

Дина Шарипханова Корреспондент

Конституциялық кеңес мүшелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неге жүгінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Конституциялық кеңес мүшелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неге жүгінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңес аппаратының жетекшісі Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Кеңес Мемлекет басшысының заң жобасы көрсетілген талаптарға сәйкес екенін қарау туралы өтінішін қабылдағанын айтты.

"Бұл өкілет Конституциялық Кеңеске 2017 жылы үшінші конституциялық реформа нәтижесінде берілді. Әңгіме заң жобасы өзгертуге болмайтын мызғымас конституциялық құндылықтарға сәйкес екенін тексеру туралы болып отыр. Бұл - белгіленген тәртіп. Конституциялық сот органдарының мұндай өкілеті көптеген елде бар, ол Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет негіздерінің мызғымастығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Нұрмұханов.

Реклама
Реклама

Ол өтінішті қарау қорытындысы бойынша Конституциялық кеңес тиісті қорытынды беретінін, одан кейін заң жобасы келесі кезеңге өтетінін айтты.

Бұған дейін Президент Конституциялық кеңеске Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын енгізетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная