07 ақпан 2020 | 23:52

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев © Twitter

Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты Twitter-де пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты Twitter-де пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп жазды Президент.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масанчи ауылындағы оқиғаға қатысты пікір білдірген.

"Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Полиция қақтығысты тоқтатты, жағдай бақылауға алынды", - делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы ПД өкілдері азаматтарды ресми мәліметке ғана сенуге шақырып, қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұрады. Айта кетейік, жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарату - қылмыс, оның жазасы үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная