ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2021 | 12:52
Тоқаев: Көші-қон процестерін бақылауға алу маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі көші-қон процестерін бақылауға алу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі көші-қон процестерін бақылауға алу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жекелеген моноқалалардағы халықтың қысқаруын тоқтату мүмкін еместігін айтты. Мұндай қалаларда тасталған пәтерлер мен үйлер пайда болады. Бұл ретте объектілер мен коммуналдық желілерді ұстауға арналған шығыстар бұрынғы деңгейде сақталады.
"Сондықтан ел ішінде де, моноқалалардағы да көші-қон процестерін бақылауға алу маңызды. Біз жекелеген моноқалалар әлеуетінің толық таусылуын күтіп, содан кейін ғана қоныстандыру мәселелерімен айналысуымыз керек", - деді Тоқаев Екібастұзда өткен кездесуде.
Оның айтуынша, даму әлеуеті төмен шалғай моноқалалардың тұрғындарын облыста және өңірлерде қоныстандыру үшін ынталандыратын шаралар қажет.
"Үкіметке өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында даму әлеуеті төмен моноқалаларды кететін өңірлер қатарына қосуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл азаматтардың өз еркімен қоныс аударуын ынталандырады. Келешегі зор, өсіп келе жатқан қалалар мамандарға зәру. Өндірістік моноқалалар тұрғындарының көп бөлігінің сұранысқа ие жұмысшы және инженерлік мамандықтар бойынша біліктілігі мен тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз", - деп қосты Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также