05 маусым 2020 | 19:17

Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді

Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президенті өткізген жиынға Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары қатысты., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті өткізген жиынға Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары қатысты., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқық қорғау ведомстволарының жұмысы, заңнамалардың сақталуын қадағалау туралы есеп берілді.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы заңдылықты күшейту, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында құқық қорғау органдарының жауапкершілігі жоғары екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғап, созылып бара жатқан коронавирус пандемиясы кезінде олардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасаудағы күштік құрылымдардың рөліне тоқталды.

Сонымен қатар жүргізіліп жатқан саяси реформалар барысында заңнама нормаларының реформалануы жөнінде жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная