22 қаңтар 2020 | 11:46

Тоқаев Құлыбаевты қабылдады

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндалды.

Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген "Үкімет бизнес үшін", "Бастау", "Жас кәсіпкер" жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная