ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2022 | 13:15
Тоқаев құны 1 триллион теңге болатын жоба туралы айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құны бір триллион теңге болатын жалпыұлттық жоба туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құны бір триллион теңге болатын жалпыұлттық жоба туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іс жүзінде оның 31-і ғана іске қосылды. Сол сияқты 7 құс фабрикасының орнына 3 фабрика салынды. Балық өндіретін 11 жобаның жетеуі ғана пайдалануға берілді", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы, ел негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етілуі керек екенін айтты.
"Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды", - деді Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также