05 мамыр 2021 | 20:03

Тоқаев Қырғызстан президентін жаңа Конституциямен құттықтады

Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

"Бүкіл халық қолдаған Ата заң Қырғызстанның ұзақмерзімді даму стратегиясының берік негізін қалайтын, ел егемендігінің қорғаны болатын және қоғамды біріктіретін басты құжат. Сіздің бастамаларыңыз бен реформаларыңыздың сәтті жүзеге асуы қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің халықаралық аренадағы беделін көтеруге септігін тигізеді. Қазақстан Қырғызстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы ретінде бауырлас қырғыз халқына алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беруге дайын", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы Садыр Жапаровтың жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная