30 шілде 2020 | 11:02

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооранбай Жээнбековке және халқына коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооранбай Жээнбековке және халқына коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан халқы және өзімнің атымнан коронавирус инфекциясының құрбаны болған бауырлас Қырғызстан азаматтарын еске алуға байланысты шынайы қолдау білдіргім келеді. Осы қиын сәтте орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісе отырып, мезгілсіз кеткендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бүгінде осы аурумен күресіп жатқан азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін", - делінген Тоқаевтың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған шаралар, қырғызстандықтардың бірлігі мен тұтастығы жақын арада елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Президент Қазақстан бұрынғыдай көрші Қырғыз елне қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная