ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2022 | 18:09
Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.
"Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды", – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также