08 тамыз 2019 10:38

Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды бақылап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды бақылап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды бақылап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басышсы көрші бауырлас елде болып жатқан жағдайды Қырғызстан Республикасының ішкі мәселесі деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайдың заң негізінде тез арада реттелетініне сенім білдіреді", - деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли редакция тілшісіне.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше, 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған еді. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. 

Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президенті мәлімдемесінде.

Арнайы жасақ берілді: Атамбаевтың жақтастары олардың қаруын тартып алған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram