Тоқаев қыркүйекте Германияға барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйекте Германияға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйекте Германияға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады.

"Қыркүйекте Германияға сапарыма үміт артамын және өте оптимистік көзқарастамын. Мен сіздің Маңғыстауға бару туралы шешіміңізді де өте жоғары бағалаймын. Бұл біздің бизнестегі, серіктестіктегі жетістіктеріміздің көрсеткіші болады деп ойлаймын. Менің түсінуімше, сіз теңіз портына да бармақшысыз.

Премьер-министр Смайылов Маңғыстауға сізбен бірге, серік болып барады. Тағы да Қазақстанға қош келдіңіз. Сондай-ақ, делегация мүшелеріне алғысымды білдіргім келеді, елімізге қош келдіңіз", - деді Тоқаев кездесу барысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама