10 тамыз 2019 | 18:55

Тоқаев қыркүйекте халыққа Жолдау жариялайды

Камила Долаева Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 10, 2019

Қазақстанда зорлау үшін жазалау тақырыбы "Тальгода" болған оқиғадан кейін шыққан үкімнен кейін белсенді талқыланып жатыр. 26 шілдеде сот Қостанайда жолсерік Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязовты жолаушыны зорлағаны үшін кінәлі деп таныды. Олар екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тарап ең ұзақ мерзімді, ал прокурор - алты жылдан астам колонияны сұрады. Десе де, сотталушылар кінәсін мойындамай, бұл екі жақты келісім бойынша жасалғанын атап өтті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная