Тоқаев Қытайдағы саммитте су тапшылығы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы саммитте су тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы саммитте су тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Сиань қаласында өткен "Орталық Азия - Қытай" саммитінде сөйлеген сөзінде Қытаймен бірлесіп, су шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

"Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдаланған жөн. Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары екені белгілі. 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам ауызсуға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы су тапшылығына қатысты шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

"Сарапшылар біздің аймағымыздың тез жылынып бара жатқанын айтып отыр. Климаттың өзгеруіне байланысты біздің аймақтың басты су көзі саналатын мұздықтар да күрт азайып барады. Осы жағдай Орталық Азияның азық-түлік, энергетика және экология қауіпсіздігіне едәуір қатер төндіреді. Сондықтан бірлесіп шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама