11 қаңтар 2022 | 13:18

Тоқаев Қытаймен шекара кеденіндегі былықты жоюды тапсырды

Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен кедендік шекарада болып жатқан "былықты" жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен кедендік шекарада болып жатқан "былықты" жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бюджет кірісін арттырудың маңызды әлеуеті кеденде тәртіп орнатуда жатыр. Әсіресе Қытаймен шекарада. Онда болып жатқан былық бәріне аян. Көліктер тексерілмейді, салықтар мен баждар төленбейді. Статистикада Қытайдың кеден органдарымен алшақтық миллиардтаған долларға жетеді. Тиіспеушілік мәртебесі бар қандай да бір уәкілетті операторлар бар. Еліміз салық түрінде ондаған миллиард теңге жоғалтып жатыр. Олай болмайды", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Ол Бас прокуратураға Қаржы министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, тексеру жүргізіп, кедендік шекарада тәртіп орнатуды тапсырды.

Реклама
Реклама

Тауар айналымындағы статистикада алшақтық мәселесі бұрыннан бар екенін айта кеткен жөн.

2017 жылғы маусымда Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесуде тауар айналымы бойынша Қытай мен Қазақстан деректерінің айырмашылығына таңғалған болатын.

"Қытай шекара деректері бойынша тауар айналымы 46 пайызға, біздің деректер бойынша 30 пайызға өскен. Неге мұндай айырмашылық шығып тұр? Есептеу әдісі әртүрлі ме?" - деген еді Елбасы Си Цзиньпинге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная