10 маусым 2022 17:57

Тоқаев Мәжіліс төрағасын қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі нақты жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады.

Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары мен AMANAT партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан аса өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесіп, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталып, заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты.

Осы жиын барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай келеді деп танылды.

Сонымен қатар, Парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлік әлеуетінің даму барысын талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram