25 мамыр 2021 | 20:36

Тоқаев мәлімдеме жасады

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық дөңгелек үстел отырысында өндіруші салалар мәселелері бойынша сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық дөңгелек үстел отырысында өндіруші салалар мәселелері бойынша сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент видеода постковид кезеңі халықаралық қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару үшін жақсы кезең екенін айтты. 

"Пандемиядан кейін қайта қалыпқа келу бізге қоршаған ортаны халықаралық деңгейде қорғауға жақсы мүмкіндік. Қазақстан үшін көмірсутек ресурстарына тәуелсіз дамуға бейілділіктің баламасы жоқ. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Париж келісімін ратификациялаған алғашқы елміз. Қазақстан да орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған белсенді Климаттық саясатты қабылдауда пионер болды. Өткен жылдың желтоқсан айында өткен Климаттық саммит кезінде мен 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізетінімізді жарияладым.

Сонымен қатар, Қазақстан әлемдегі энергияны көп қажет ететін елдердің бірі болып қала береді, мұнда өндіруші секторға өнеркәсіп өндірісінің 50 пайызы тиесілі. Электр энергиясын өндірудің шамамен 70 пайызы әлі де көмірге байланысты. Осылайша, өндіруші өнеркәсіпті көгалдандыру Қазақстанның тұрақты дамуы үшін бірінші кезектегі міндет және абсолюттік басымдық болып табылады", - деді Президент. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная