Тоқаев Маңғыстау облысы әкімін қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Сонымен қатар облыстағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, инвестиция тарту, мал азығын әзірлеу және тағы басқа мәселелер жөнінде мәлімет берілді.

Реклама
Реклама

Нұрлан Ноғаев Президенттің Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілгенін жеткізді.

Мемлекет басшысы жылды жоспарға сәйкес қорытындылауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама