Тоқаев Маңғыстаудағы жұмыссыздарға қатысты тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Маңғыстау облысындағы тоқтап тұрған өндірістерді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Маңғыстау облысындағы тоқтап тұрған өндірістерді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Маңғыстауда халықпен кездесуінде соңғы бес жылда өңірде бірқатар ірі өндіріс орындарының тоқтап тұрғанын атап өтті.

"Жұмыссыз азаматтардың наразылығын жақсы түсінемін. Үкімет бұл өндірістерді қалпына келтіру үшін жедел түрде тиімді шаралар қабылдауы керек, қажет болған жағдайда ең жақсы нұсқаларды іздеу керек.

Бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар құру да маңызды. 2023-2026 жылдарға 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру арқылы құны бір триллион теңгеден асатын 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Үкімет пен әкімдікке жоспарланған барлық жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама