04 сәуір 2019 09:26

Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездесті

© kremlin.ru

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"1992 жылы келіссөздерді дайындауға қатысқаным есімде. Сол келіссөздерден соң екі ел арасында одақтастық қарым-қатынастар орнады. Одақтастық қарым-қатынастардың не екенін жақсы түсінеміз, ондағы міндеттерді де жақсы білеміз. Осыған байланысты Екатеринбурге қол қойған келісімшартымыз әрі қарай барлық салада ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпалын тигізетіні сөзсіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама


© akorda.kz

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын айтты.

"(...) Менің міндетім осы стратегияны, әсіресе, Ресей Федерациясына қатысты стратегияны жалғастыру. (...) Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту үшін қолдан келгенді жасаймын", - деді Тоқаев.


© akorda.kz

"Сізді мемлекет басшысы қызметіне кірісуіңізбен құттықтаймын. Сіз біздің қарым-қатынасымыз жайлы білесіз, өзіңіз де Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты осы деңгейге жеткізу үшін көп жұмыс атқардыңыз. Әрине, барлығынан бұрын бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің арқасында, бірақ команда болып жұмыс істегендіктен, көп жетістіктерге жеттік", - деді Путин.

Еске салайық, кеше Тоқаевтың ресми сапармен Мәскеуге барғаны хабарланған болатын. Президент борты "Внуково-2" әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келген болатын. Басқышта мемлекет басшысын Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram