07 желтоқсан 2023 | 15:52

Тоқаев Медициналық сақтандыру қоры басшысына бірқатар міндет жүктеді

Фото: Ақорда

Президент "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл басынан бері және жалпы МӘМС қолға алынған уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді.

Президентке әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе, ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе өскені жөнінде баяндалды. Сонымен бірге азаматтарға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жайында айтылды.

Реклама
Реклама

Әбілқайыр Сқақов МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, Қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында, ең алдымен, науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная