Тоқаев: Мемаппарат жұмысында тапсырмаларымды орындауға формалды көзқарас сақталған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат жұмысында тапсырмаларды орындауға формалды көзқарас сақталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат жұмысында тапсырмаларды орындауға формалды көзқарас сақталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент орындаушылық тәртіпті жақсарту мәселесіне тоқталды.

"Мемлекеттік аппарат жұмысында менің тапсырмаларымды орындауға формалды көзқарас сақталған. Әртүрлі себептерге байланысты орындау мерзімі кешіктіріліп, бірнеше рет кейінге қалдырылады. Жыл басынан бері Президент Әкімшілігі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың атына тапсырмаларды орындау сапасы бойынша 400-ден аса ескерту жолдады. Бұл ретте тапсырмалардың орындалуын басты үйлестіруші ретінде Үкімет тарапынан бақылау тиісті деңгейде жүргізілмеді. Үкімет қызметін қамтамасыз ететін орган ретінде Премьер-министр Кеңсесінің бақылау қызметі негізінен мемлекеттік органдардың дайын есептерін жіберу және қайталаумен шектелді. Тапсырмалардың орындалу сапасына тиісті талдау мен баға берілмейді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама