ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2022 | 10:19
Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-парақшасында жазды.
"Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады", - деп жазды Тоқаев.
Ол Жаңа Қазақстанды құру ісінде мемқызметкерлерге ерекше міндет жүктелетінін айтты.
"Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз - адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін", - деді Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также