Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы жариялады

Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы жариялады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Астанадағы "Атамекен" этникалық мемориалдық кешенінде ту көтеру рәсімінде сөз сөйлеген Президент нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастап, жердің шетін жаудан қорғайтынын айтты.

"Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз", - деді Президент.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, бүгін - 4 маусымда, Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Конституциялық заңмен белгіленген мемлекеттік рәміздер елдің айрықша белгілері болып табылады.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға ту, елтаңба және әнұран кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама