10 мамыр 2022 14:31

Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Бұған дейін Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырға жоспарланған Түркияға мемлекеттік сапары елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудегі маңызды кезең болады деген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram