12 қаңтар 2022 | 22:37

Тоқаев мемлекеттің басты міндеттерін атады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басты міндеттерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басты міндеттерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.
 
"Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының  ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес", - деп жазды Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная