15 наурыз 2021 14:06

Тоқаев Мирзиеевпен Орталық Азиядағы жағдайды талқылады

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады.

Екі елдің үкіметтері өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра береді.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысына ризашылығын білдірді.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram