Тоқаев Мирзиеевпен сөйлесті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Тоқаев Мирзиеевпен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың және аймақтық кооперацияны кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды.

Жарнама
Жарнама

Тараптар өзбек көшбасшысының былтыр желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама