ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 сәуір 2025 14:47
Тоқаев митрополит Александрды марапаттады
Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Президент митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу