14 желтоқсан 2021 | 16:16

Тоқаев ММУ филиалына жаңа ғимарат беруді тапсырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалына Нұр-Сұлтаннан жаңа ғимарат беруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ММУ-дің Қазақстандағы филиалының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалына Нұр-Сұлтаннан жаңа ғимарат беруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ММУ-дің Қазақстандағы филиалының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көшербаев мерейтойға қатысушыларды құттықтап, оқу ордасының мерейтойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын, университет филиалы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылғанын айтты. 

"Мәскеу мемлекеттік университетінің алғашқы шетелдік филиалының елордада ашылуы - Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстың жарқын әрі ерекше екенінің дәлелі. Осының арқасында бұған дейін жылдар бойы қалыптасқан екі ел арасындағы ғылым мен білім саласындағы байланыс жаңаша серпін алды", - деді Қ.Көшербаев. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалына жаңа ғимарат берілгенін жеткізді. Бұл еңбек нарығына қажет мамандар қатарын арттырып, жоғары дәрежелі кадрлар дайындауға мүмкіндік береді.  

Филиал құрылған 20 жыл ішінде әлемнің алдыңғы деңгейлі оқу орындарының стандарттарына сай 2 мыңнан аса маман даярланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная