ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2021 | 14:26
Тоқаев мұғалімдер мен дәрігерлерді, блогерлерді қалай марапаттады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде салтанатты жиынға қатысушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, бұл мерекенің ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам екенін атап өтті.
Марапаттау рәсімі Ақорданың бірінші қабатындағы салтанатты залда өтті. Мемлекет басшысымен кездесуге Парламент депутаттары, министрлер, әкімдер, бизнесмендер, ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер мен блогерлер келді.
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - көпғасырлық мемлекеттілігіміздің тарихындағы маңызды кезең, қазіргі Қазақстан жылнамасындағы айтулы белес. Осы жылдар ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, үлкен жолдан өтті. Ел азаматтарының басым көпшілігі жасампаз еңбектерімен қуатты және дамыған мемлекет құруға елеулі үлес қосып жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мемлекет зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақы көлемін тұрақты түрде арттырып, өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындап жатырғанын айтты.
"Біздің мақсатымыз - тиімді мемлекет және әділетті қоғам құру. Бұл стратегиялық бағыт өзгермейді. Алдымызда халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру, қасиетті Тәуелсіздігімізді нығайту жөніндегі ауқымды міндеттер тұр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Бірінші дәрежелі "Даңқ" ордені мемлекетіміздің арнайы қызметтерінің қалыптасуының бастауында тұрған Болат Баекеновке тапсырылады. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық Күнсұлу Закария мен Амангелді Садановқа беріледі. Күнсұлу Закария QazVac коронавирусқа қарсы отандық вакцина жасаған және қазір бірнеше ұқсас препараттарды жасап жатқан ғалымдар тобын басқарады. Амангелді Саданов еліміз үшін жаңа және өзекті бағыт - биотехнология мен топырақ микробиологиясын зерттейтін ғылыми мектеп құрды", - деді Тоқаев.
Екінші дәрежелі "Даңқ" ордені Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге "Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" табысталды.
Екінші дәрежелі "Барыс" орденімен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, қазақ кино ардагері, актер Нұржұман Ықтымбаев, белгілі хирург Серік Тоқпанов, танымал туындылардың авторы Валерий Михайлов марапатталды.
"Кез келген мемлекеттің жетістігі оның азаматтарына байланысты. Қуатты адами капиталы бар мемлекет барлық қиындықты жеңе алады. Тәуелсіздік жылдары халқымыз ынтымақ пен патриотизмді паш етті. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз - барша қазақстандықтардың ортақ жеңісі екені даусыз. Азаматтарымыз жаңа Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосты. Осы айтулы күні мен еліміздің барлық азаматына қажырлы еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіремін", - деді Президент.
Блогер Денис Кривошеев пен актер Нұрлан Қоянбаев "Шапағат" медаліне ие болды. Бұл марапат белсенді және жемісті қайырымдылық жасағаны үшін беріледі. Оны Балқаш аудандық орталық ауруханасының хирургі Ілияс Қалиев пен Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Гүлмира Сейдағалиева алды.
"Ерен еңбегі үшін" медалін 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова алды. Президент "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын "Қазмырыш" ЖШС бас директоры Александр Хмелевке да табыстады.
"Ол осы компанияда ширек ғасырға жуық уақыт бойы қатардағы электромеханиктен бастап басшыға дейін қызмет етті. Александр Хмелев өндірісті жаңғыртуға және елдің өнеркәсіп әлеуетін нығайтуға зор үлес қосты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Құрмет" орденімен "Хабар" телеарнасының журналисі Вера Захарчук пен опера әншісі Зарина Алтынбаева марапатталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также