11 қаңтар 2022 12:31

Тоқаев мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сөзсіз басымдық - сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: "Мұғалім – мектептің жүрегі". Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram