Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есепті тыңдады.

Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ "Қазсушар" РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама