28 қаңтар 2022 | 15:23

Тоқаев Назарбаев туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді", - деді Тоқаев.

Ол 90-жылдардың басында белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар демографиялық ерекшелігі мен Қазақстан шекарасының реттелмеуіне байланысты біздің елімізге тез арада ыдырайды деп болжаған кезде Нұрсұлтан Назарбаев ең ауыр тарихи кезеңде мемлекеттік құрылыстың ең күрделі миссиясын өз мойнына алғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, қазір Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Сондай-ақ, съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиал өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылған.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады: 1. Партияның төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная