28 қыркүйек 2022 15:07

Тоқаев ІnDriver-дің негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев inDriver негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев inDriver негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ІnDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты. Компания басшысының айтуынша, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған. Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанды. Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, inDriver негізін қалаушысы мен Қазақстан Президентінің кездесуі Астанадағы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында өтті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram