17 мамыр 2021 | 12:41

Тоқаев неге туған күнін атап өтпейді? Баспасөз хатшысы жауап берді

17 мамыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент бұл күнді қалай өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17 мамыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент бұл күнді қалай өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері хабарласып, "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деп сұрап жатыр. Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме берген едік. Дегенмен тағы бір мәрте айта кетейік.

17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған", - деп жазды ол.

Берік Уәли қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдап, телефон шалып құттықтап жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная