06 тамыз 2019 17:15

Тоқаев Ноғаевқа тұрмысы төмендерге қолдау көрсетуді тапсырды

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Президентке тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Атырау облысының даму қарқынын сақтап, одан әрі арттыру, өңір инфрақұрылымын жаңғырту қажет екенін атап өткен.

"Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ барлық салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram