09 наурыз 2020 | 18:06

Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Реклама
Реклама

Алтай Көлгіновтің айтуынша, былтыр елордада 2500 үлескер қаржы құйып, даулы мәселеге айналған 10 үйдің құрылысы аяқталған. Биыл 20 үйді пайдалануға беріп, 7 мыңға жуық үлескердің проблемасын шешу жоспарланып отыр.

Президент үлескерлерге қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстау, сондай-ақ, тұрғын үй алаптарын дамыту және абаттандыру, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік проблемаларды шешу, қолжетімді баспана құрылысының көлемін ұлғайту, кезекте тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін пәтерлердің санын көбейту, сонымен қатар, инвестиция тарту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жайында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная