19 наурыз 2020 | 19:02

Тоқаев Нұр-Сұлтандағы бақылау-өткізу бекетіне барды

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин  енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті карантин режимін қамтамасыз ететін қала әкімдігінің, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерінің дайындығына оң баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің коронавирус індетіне қарсы күресу үшін қабылдаған шаралары жайындағы есептерін тыңдады.

Еліміздегі медицина қызметкерлерінің пандемияға қарсы күрестегі ауыр еңбегін атап өткен Мемлекет басшысы, оларға ризашылығын білдіріп, еңбекақылары мен сыйақыларын уақытылы әрі толық көлемде берудің маңызды екенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминге  аса қолайсыз әлемдік конъюктура жағдайында экономиканы басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу қажеттігін айтты.

"Кез келген қолайсыз жағдайға, тіпті аса күрделі ахуалға, сондай-ақ, экономиканы мобилизациялайтын қадамға да әзір болуымыз керек. Қысқасы, сақадай сай болған жөн", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне, Ішкі істер министрлігі мен басқа да ведомство қызметкерлеріне табыс тілеп, карантин енгізудің себептерін түсіндірді.

"Қазіргі жағдайда карантин енгізбесе болмайды. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Мұндай кезде нақты әрекет жасап, ұйымшылдық таныту керек. Сондықтан карантин енгізу сияқты тәсілдерді қолдануға тура келеді. Азаматтарымыз қабылданған шараларға түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Мұның бәрі халқымыздың денсаулығын сақтау үшін істеліп отыр", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная