21 шілде 2022 13:43

Тоқаев ОА елдері басшыларының кездесуіне көрші мемлекеттер өкілдерін шақыруды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларының кездесуіне көршілес мемлекеттер өкілдерін шақыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларының кездесуіне көршілес мемлекеттер өкілдерін шақыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік емес стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық туралы айта отырып, Қазақстан көпжақты форматтар аясында Орталық Азия мемлекеттерінің іс-қимылдар тұжырымдамасын қабылдауға болады деп санайтынын айтты. Оның пікірінше, аймақ елдері бекітілген географиялық шекаралар шеңберінде шектелмеуі керек.

"Орталық Азия көшбасшыларының Консультативтік кездесуіне шақырылған қонақ ретінде өзге де шекаралас мемлекеттердің, мәселен Ресей мен Қытайдың жоғары лауазымды өкілдері қатысуына болар еді. Бұл Орталық Азия елдеріне, әсіресе нақты мәселелерді қарастыру кезінде пайдалы болады", - деді Тоқаев кездесуде.

Реклама
Реклама

Тоқаев Орталық Азия елдерінің басшылары кездесуінде не айтты?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram